Түркі елдерінің әншілері карантин кезінде Түркістанға арнап ән жазды
Түркі елдерінің әншілері карантин кезінде Түркістанға арнап ән жазды
"Түркістаным - Тұраным" атты қазақ әнін түркі жұртының танымал әншілері бірге шырқады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Карантин кезінде қазақстандықтардың мәдени-рухани демалысқа сусап қалғаны да рас. Осы жайтты ескерген Түркістан облыстық мәдениет басқармасы өткен аптада түбі бір түркі жұртының атап айтсақ,Түркия, Азербайжан сынды мемлекеттердің әншілерімен байланысқа шығып, "Түркістаным-Тұраным" әнін қазақ әншілерімен бірге шырқатып, арнайы клип түсірген болатын.
Ондағы мақсат- облыcтағы моралдық-психологиялық ахуалды жақсартып, қалыпты тіршілігінен қол үзіп, үйінен шыға алмай отырған тұрғындардың ертеңгі күнге деген сенімін нығайта түсу.
Бүгінде аталған бейнебаян түркі тектес ұлт пен ұлыстардың телеарналары мен Yutube ғаламтор желісінде де мол көрсетілім жинап, барша халықтың ыстық ықыласына бөленуде. Айта кетейік, "Түркістаным - Тұраным" туындысының сөзін ақын Мейіржан Алиакбаров жазса, әннің авторы сазгер - Жалғас Кеңесов.
Бұдан бөлек, Түркістан облысының мәдениет майталмандары күн сайын тікелей эфирде де өнер көрсетуде. Онда өңіріміздің танымал өнерпаздары онлайн режимде концерт беріп, барша қазақ халқының көңілін көтеруге үлес қосуда.