Қазақстанда 15 мыңнан аса мұғалім жалақысына қосылып төленуі тиіс ақшаны алмаған

17 Сәуір, 2019 587 0

NewsROOM+. Қазақстанда екі жыл ішінде мүгедек балаларға қосымша сабақ беретін 15 мыңнан аса мұғалім жалақысына қосылып төленуі тиіс ақшаны алмаған. Бұл туралы hola news хабарлады.

Инклюзивті білім беру аясында жұмыс істегені үшін педагогке жалақысының 40 пайыз шамасында үстемеақы төленуі тиіс. Мұғалімдерге төленбеген үстемеақының жалпы сомасы - 176,2 миллион теңге.

"Прокуратура жалпы білім беретін мекемелер қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуын талдау барысында Қазақстан бойынша 15 305 педагогке 2016-2018 жылдардағы оқу кезеңінде ерекше білім беру қажеттігі бар балалармен жұмыс істегені үшін үстемеақы төленбей келгенін анықтады", - деп жазды бас прокуратура баспасөз қызметі.
"Заң бұзушылықтар жойылып, мұғалімдерге 176, 2 млн теңге мөлшерінде үстемеақы аударылды", - деп жазды прокуратура.

Тегтер: мұғалім, үстемақы, ақша

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.