weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
1 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қоғамдық келісім, ынтымақтық, бірлік – ең басты байлық ел үшін!

Қоғамдық келісім, ынтымақтық, бірлік – ең басты байлық ел үшін!

Қоғамдық келісім, ынтымақтық, бірлік – ең басты байлық ел үшін!
ашық дереккөзі
 width= Бүгін Сайрам ауданының, Арыс ауылына көршілес  болған Бәйдібек, Түлкібас және Сайрам ауданының ауыл әкімдері, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдері Арыс ауыл округінде бас қосты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Бас қосуға Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімі, Арыс ауыл округінің қызметкерлері және қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық   келісім" КММ-і Сайрам аудандық филиалы басшысы қатысып, ортақ сұхбат құрды. Көршілес тұрғындар сұхбат барысында ынтымақтық, достық, бірлік  және ауданаралық кәсіпкерлік, ауылшаруашылық  пен өзара сауда-саттықты алға дамыту мәселелерін кеңінен қарастырды. Жиналғандар сұхбатты бір дастарқан басында жалғастырып,  өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа үлгі болып, ынтамақтығы мен бірлігін арттыру мақсатында кездесулерді жиі ұйымдастырып отыруға келісті.