Сайрамда "Шығыстың шоқ жұлдызы" тақырыбында кітап көрмесі өтті
NewsRoom
Сайрамда "Шығыстың шоқ жұлдызы" тақырыбында кітап көрмесі өтті
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола білген, қоғамдық ой-сана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал еткен қазақтың ұлы ғалымы, этнограф, географ, тарихшы, фольклоршы, шығыстанушы, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл толып отыр, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Осыған орай Сайрам аудандық орталық кітапханада оқырмандарға ақпаратты-танымдық шолу мезеті өткізіліп, "Шығыстың шоқ жұлдызы" тақырыбында кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды.