Роналду да «Реалдан» кететін болды

02 Маусым, 2018 1118 0

Мадридтік «Реал» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасының финалдық матчынан бірнеше апта бұрын өзінің әріптестеріне клубтан кететіні туралы айтқан. Бұл туралы Marca тілшілері жазды.

Басылымның хабарлауынша, португалдық футболшы корольдік клубтан өзге командаға ауысатыны туралы ашық айтыпты. Мұның себебін ол «Реал» басшыларымен келісе алмаудан деп түсіндірген. Ол тіпті, финалдық матчтан кейін журналистерге берген сұхбатында да осы мәлімдемесін қайталап, командаластарының ашуын туғызыпты.

Ал, мадридтік клубтың басшылары әзірге үнсіз отыр. Дегенмен, команда ойыншылары Роналдудың енді қайта «Реал» жейдесін кимейтініне сенімді.

Даңқты футболшының келіспеушілік деп отырғаны - басшылықтың қойған жаңа талабы екен. «Реал» президенті Роналдудың жалақысын көтеру үшін ол тағы бір рет Чемпиондар лигасын жеңіп, биыл да «Алтын доп» иегері атану керек дейді. Ал, шабуылшының өзі болса мұндай талапты орындаудан бас тартқан. Енді ол Францияның үздігі «Пари Сен-Жермен» клубына ауысуы мүмкін.

 

Тегтер: реал, роналду, зидан, мадрид, футбол

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.