«Сайрам ауданы әкімінің орынбасары» лауазымына Убайдуллаев тағайындалды

«Сайрам ауданы әкімінің орынбасары» лауазымына Убайдуллаев тағайындалды

ашық дереккөзі

 width= Сайрам ауданы әкімі Ұласбек Сәдібековтың өкімімен «Сайрам ауданы әкімінің орынбасары» лауазымына Убайдуллаев Шухратулла Азатуллаевич тағайындалды. Шухратулла Азатуллаевич 1977 жылы Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында туған. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін 1998 жылы «Құқықтану; Заңгер», 2006 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2003 жылы аудандық ішкі саясат бөлімінде жетекші маман болып бастаған Ш.Убайдуллаев аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінде, кәсіпкерлік саласында қызмет етті. Соңғы жұмыс орны – Сайрам ауданы Манкент ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...