Жаңалықтар

«Том мен Джерри» мультфильмінің құрастырушысы дүниеден өтті

«Том мен Джерри» мультфильмінің құрастырушысы дүниеден өтті, - деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі “Хабар 24” ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Комедиялық мультфильм авторларының бірі Прагада көз жұмды. Танымал иллюстратор, мультипликатор әрі кинорежиссер Джин Дейч 95 жасында Прагада қайтыс болды. «Том мен Джерри» мультфильмін құрастырушылардың бірінің өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды The Hollywood Reporter. Джин Дейч «Том мен Джерридің» 13 сериясына режиссерлік жасап қана қоймай, «Теңізші Папай» мультипликациялық туындысының жарық көруі үшін де атсалысқан. Одан қалды мультипликатор «Манро», «Нудник» секілді анимациялық картиналардың көпшілікке жол тартуына үлес қосып, «Том Тэррифик» мультипликациялық сериалының авторы атанған. Ал 1960 жылы «Манро» фильмінің арқасында «Оскар» сыйлығына ие болды.