500 мың теңгеден астам қайтарымсыз грант ұтып, өз кәсібін бауырсақ пісіру арқылы дамытуда

500 мың теңгеден астам қайтарымсыз грант ұтып, өз кәсібін бауырсақ пісіру арқылы дамытуда

ашық дереккөзі

 width= Ақсукент ауылының тұрғыны, 5 баланың анасы Турсынбаева Райхан Маратовна мемлекеттік қолдау арқылы өз кәсібін ашты. 2019 жылы 08 тамызда Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, 09.08-11.11.2019 жыл аралығында бағдарламаның 1 бағыты аясында қысқа мерзімді оқу бойынша кондитер мамандығын оқып бітірген, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. 2020 жылдың 27 наурызында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 2 бағыты аясында 555600 теңге қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін ашқан. Кәсіпкер аймақта тапсырысқа тәттілер, бауырсақтар, мерекелік торттар дайындайды. Тұтынушылар істеген өнімдерінің дәмі тіл үйіретінін айтып, жоғары баға беруде. Кәсібін ашыуына мемлекеттің көрсеткен қолдауына ризашылығын білдіріп алғыс айтуда.

Жүктелуде...