Оқушылардың сауаттылығын арттыру мақсатында жиын өтті

Оқушылардың сауаттылығын арттыру мақсатында жиын өтті

ашық дереккөзі

 width=

Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің деңгейіне байланысты. Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің тиімділігінің басты мақсаты білім сапасын арттыру, құзыреттілікті қалыптастыру.
Жалпы құзыреттілік дегеніміз – алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Яғни, оқушылар ұстаздар қауымынан тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Сондықтан болашақ ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелейтін ұстаз жауапкершілігі мол. Оқу-өндірістік комбинат ұжымының қызметкерлері оқушылардың білім алып жатқан мамандықтардан құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында көптеген кәсіби байқаулар ұйымдастырылып, алған кәсіби білімдері шыңдалды. Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімін туғыза білу, оқушының білімге ынтасын көтере білудің маңызы ерекше. Осы мақсатқа жетуге функционалдық сауаттылық көмектеседі.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету. Бұл ретте сабақтың практикалық бөлімінде оқушылар жұмысты орындап, нәтижеге қол жеткізіп отырады.
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
-белсенділік;
-шығармашылық тұрғыда ойлау;
-шешім қабылдай алу;
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу;
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Қазіргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділігі жоғары, мәдениетті, ұлттық тәлім–тәрбие алған, білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан–жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын, қабілетінің дамуын ескере отырып, функционалдық сауаттылығына қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты дамыған, мектепте алған білімін өмір бойы пайдалана алатын тұлға өсіру – білім беру мамандарына жүктелген үлкен міндет деп түсінгеніміз жөн.
Сөзімді қорыта келе, Марк Туллий Цицеронның «Барлық нәрсені біліп, анализ жасай білу аз. Сонымен қатар, соған байланысты сауатты қадам жасай білу керек» деген қанатты сөзімен аяқтағым келеді.
Сакен Султанов Абдиашимович Сайрам аудандық білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жүктелуде...