Жаңалықтар

Сауатты жарнама - тіл тазалығының айнасы

Сауатты жарнама - тіл тазалығының айнасы

 width= Түркістан облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен аудандар, қалалардағы көшелердің көрнекті жерлерінде, ғимараттарда, мекемелерде жазылған атаулардың, жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын сараптау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Сауатты жарнама — тіл тазалығының айнасы» атты облыстық акция өткізілді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Сайрам-Мәдениет ресми парақшасына сілтеме жасап. Ауқымы кең бұл шараға Сайрам ауданы да үлес қосып, акция аясында Қарабұлақ ауылындағы көрнекі ақпарат мәтіндерінің, коммерциялық нысандары атауларының, қоғамдық көліктердегі жазулардың ҚР «Тіл туралы» заңына сәйкес дұрыс жазылуына және эстетикалық безендірілуіне зерделеу жұмыстары жүргізілді (ағарған, тозған, тыныс белгілері дұрыс қойылмаған, қате жазылған мәтіндерді реттеу). Акцияға Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйытқы болып, ауданның ішкі саясат бөлімі, білім бөлімі,«Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ оқытушылары, архитектура бөлімі, жастар орталығы, Қарабұлақ а\о әкімдігі мамандары қатысып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.