Әскерге бару - міндет, абырой, ерлік

Әскерге бару - міндет, абырой, ерлік

ашық дереккөзі

 width=

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң қызметкерлері Сайрам аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы подполковник Ештаев Сейдуалы Абдуллаұлымен аудандағы этнос өкілдерінің әскерге бару, Отан алдындағы борыштарын атқару, Отанға деген патриоттық сезімдерін анықтау мақсатында сұхбат құрды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Сайрам ауданының фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
Сұхбат барысында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы өз елінің патриоты болу, әскерге барып, еліне қызмет ету – әрбір жас қазақстандықтың міндеті. Өйткені, бабалар аманаттаған ұлан-қайыр жерді көзіміздің қарашығындай қорғау барлығымыздың ортақ борышымыз екендігін атап өтті.
Этнос өкілдері жастарының Отанды қорғау үшін әскер қатарына қосылуы жылдан жылға артуда.
Ағымдағы жылда ауданымызда көктемгі әскерге шақыру науқаны кезеңінде жоспардағы жастардың барлығы толығымен әскер қатарына қосылды, соның ішінде 62 пайызы этнос өкілінің жастарын құрайды.
Елімізде әскери офицерлерді дайындайтын төрт институт жұмыс жүргізеді, атап айтқанда: Кеңес одағының екі мәрте батыры Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы, Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институттарында ауданымыздан жылына 10-15 азаматы оқуға барып, білім алуда.

Жүктелуде...