Мектептегі сыйақы: 500 жас мұғалімге 30 млн теңге берілді
Мектептегі сыйақы: 500 жас мұғалімге 30 млн теңге берілді

«Біз үшінші жыл қатарынан педагогикалық ЖОО тәмамдаған жас мұғалімдерге 20 АЕК мөлшерінде бір реттік төлем төлейміз. Бұл жұмыс ары қарай жалғасатын болады», - деді Жылқыбаева.Оның айтуынша, қалада 500 жас мұғалімге 30 млн теңгеден астам қаржы төленген. Бұдан басқа Алматыда мұғалімдер үшін баспана өзекті мәселе екен.
«Осыған байланысты биыл Алматы жастары 3:0 бағдарламасы аясында 240 мұғалімге баспана берілді. Негізі биыл мұғалімдерге 310 пәтер бөлінген. Шарт бойынша 13 млн теңгеге дейін несие алуға болады. Мұғалімдерге қалада тұру шарт емес. Бұл бағдарламаға кез келген мұғалім қатыса алады», - деді басқармасы басшысы.Сонымен қатар Ләззат Жылқыбаева «Үздік педагог» байқауы туралы да айтты.
«Байқау жеңімпаздары 1 млн теңгеге дейін грант, көлік, 2 бөлмелі пәтер ұтып ала алады», - деді ол.Сондай-ақ тағы 10 мұғалім әрқайсысы 2 млн теңгеден Алматы әкімінің арнайы грантын алды.