Өмірзақ Шөкеев: Бюджет қаржысы - бақылауда
Өмірзақ Шөкеев: Бюджет қаржысы - бақылауда

«Бюджет қаржысын мақсатты игеру - басты назарда. Аталған қаржыларды Үкіметтен бөлдіру үшін қаншама уақыт пен күш жұмсалады. Ал Сіздер келіп тұрған қаржыны игере алмайсыздар. Ондай аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының себебін - сылтау деп түсінемін», – деді Өмірзақ Естайұлы.Өңір басшысы 11 айдың қорытындысымен бюджеттен бөлінген қаржыны өз мерзімінде әрі сапалы игермеген жағдайда, жауаптыларға тәртіптік шара қолданылатынын ескертті. Сондай-ақ, күн тәртібінде Түркістан қаласын көгалдандыру жұмыстарының барасы қаралды. 32 секторға бөлінген шаһардағы ағаш отырғызу, күл-қоқыстан тазарту шараларына Түркістан облысындағы аудан-қала басшылары тікелей қатысып, жұмыстың нәтижесіне көз жеткізуді тапсырды. Жиын барысында аталған мәселелер бойынша берілген нақты тапсырмалардың орындалуын облыс әкімі өзі жүріп қадағалайтынын ескертті.