Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Өмірзақ Шөкеев: Бюджет қаржысы - бақылауда

Өмірзақ Шөкеев: Бюджет қаржысы - бақылауда

Өмірзақ Шөкеев: Бюджет қаржысы - бақылауда
ашық дереккөзі
 width= Бүгін бірқатар аудан әкімдері мен басқарма басшылары облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатаң сынына ұшырады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімі төрағалық еткен апталық аппарат жиналысында бюджет қаражатының игерілу жайы сөз болды.
«Бюджет қаржысын мақсатты игеру - басты назарда. Аталған қаржыларды Үкіметтен бөлдіру үшін қаншама уақыт пен күш жұмсалады. Ал Сіздер келіп тұрған қаржыны игере алмайсыздар. Ондай аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының себебін - сылтау деп түсінемін», – деді Өмірзақ Естайұлы.
Өңір басшысы 11 айдың қорытындысымен бюджеттен бөлінген қаржыны өз мерзімінде әрі сапалы игермеген жағдайда, жауаптыларға тәртіптік шара қолданылатынын ескертті. Сондай-ақ, күн тәртібінде Түркістан қаласын көгалдандыру жұмыстарының барасы қаралды. 32 секторға бөлінген шаһардағы ағаш отырғызу, күл-қоқыстан тазарту шараларына Түркістан облысындағы аудан-қала басшылары тікелей қатысып, жұмыстың нәтижесіне көз жеткізуді тапсырды. Жиын барысында аталған мәселелер бойынша берілген нақты тапсырмалардың орындалуын облыс әкімі өзі жүріп қадағалайтынын ескертті.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату