Түсіндіру азайса, той көбейер

Түсіндіру азайса, той көбейер

ашық дереккөзі

 width=

Аудан әкімі Уласбек Садибековтің төрағалығымен өткен апталық жиында карантин режимінің сақталуы, санитарлық талаптардың орындалу мәселесі қозғалды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
- Бір ауылда байқаусыз бір рет той-жиын болуы мүмкін. Бірақ, ол қайталана берсе, демек, сол ауылдың жауапты қызметкерлері де сол той-жиынның өтуіне мүдделі немесе түсіндіру жұмыстары дұрыс жүргізілмейді. Мұндайға жол бермеңіздер. Ауылдар мен қоғамдық орындарды ертеңнен бастап қайта аралап, індетті тежеу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тағы да көз жеткізіп шығамын, - деді аудан әкімі.
Аудандық қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева 2020 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша бюджеттің игерілуі және түсімдердің орындалуы жөнінде баяндама жасады.
Жиында ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Көпеев 10 айдың есебін берсе, аудан әкімінің кеңесшісі Б.Хасанов аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысын баяндады.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...