Қысқы маусымға дайындық жұмыстары талқыланды

Қысқы маусымға дайындық жұмыстары талқыланды

ашық дереккөзі

 width=

Жауын-шашынды қыс маусымы қарсаңында Сайрам ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында оқу-жаттығу жиыны өтті.Жиынға аудан әкімінің орынбасары Шухратулла Убайдуллаев қатысып, бірқатар бөлім басшылары мен ауыл округ әкімдерінің бұл бағыттағы дайындық жұмыстарымен танысты.

  Оқу-жаттығу жиынында Сайрам ауданындағы облыстық, аудандық маңызы бар жолдардың 2020-2021 жылғы қыс мезгіліне дайындығы және көлік қатынасын үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Бұдан бөлек, жылыту маусымында табиғи газ, көмірден улануды болдырмау, электр жарығынан келетін қауіптің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде сөз қозғалды.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...