БЖЗҚ өз салымшыларына 138 миллиард теңгеден аса қаржы төледі

БЖЗҚ өз салымшыларына 138 миллиард теңгеден аса қаржы төледі

ашық дереккөзі

 width= 2020 жылдың 1 қазанына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 297 253 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 138,5 миллиард теңгеге 1,6 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде: - зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер – 46,1 млрд теңге; - сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 36,1 млрд теңге; - ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 27,6 млрд теңге; - мұрагерлік бойынша төлемдер – 24,5 млрд теңге; - жерлеуге берілетін төлемдер – 3,01 млрд теңге; - мүгедектік бойынша төлемдер – 1,1 млрд теңге. Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 739 теңгені құрап, ай сайынғы ең жоғарғы төлем сомасы 506 980 теңге болды.

«БЖЗҚ» АҚ-ның баспасөз орталығы

Жүктелуде...