
Бүгінгі брифинг Сайрам ауданындағы коронавирус індетінің таралуын тежеу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта орын алуы ықтимал екінші толқынға медициналық дайындық шаралары тақырыбына арналды.
Брифинг спикерлері - Сайрам аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Қалдыбай Ыдырысов, Сайрам ауданы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Зина Куттыбаева және Қарабұлақ орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары - Муслим Ибрагимов БАҚ өкілдерінің сұрақтарына толыққанды жауап берді.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі