Келесі cеместрден бастап студенттер университетке барып оқи ма?

Келесі cеместрден бастап студенттер университетке барып оқи ма?

ашық дереккөзі

 width= ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев студенттердің екінші семестрде дәстүрлі форматта оқуы мүмкін ба екенін айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Тойбаевтың айтуынша, егер елімізде эпидемиологиялық жағдай жақсарса, студенттер қаңтардан бастап университетке барып, білім алады. Барлығы санитарлық дәрігердің шешіміне байланысты.

"Бұл мәселеде бастысы ұстаздар мен студенттердің денсаулығы. Біз құзырлы орган ретінде өзіміз мұндай шешім қабылдай алмаймыз. Бұл мәселені бас санитарлық дәрігер шешетін болады. Егер осы кісілердің тарапынан белгілі бір шешім қабылданатын болса, келесі семестр, яғни қаңтар айынан бастап жоғарғы оқу орындары дәстүрлі форматта білім беруге дайын. Бірақ ол эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады", - деді департамент директоры.

Жүктелуде...