«Dostyk Plaza» сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты

«Dostyk Plaza» сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты

ашық дереккөзі

 width= 2020 жылғы 10 қарашада 06 сағат 36 минутта Алматы қаласы ТЖ Департаментiнiң күштерi мен құралдары Медеу ауданы Самал-2 ы.а. 111 үй мекенжайындағы "Достық Плаза" caуда ойын-сауық орталығында шыққан өртке шақыртудың жоғары дәрежелi деңгейiмен жiберiлдi. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Газ-түтiннен қорғау қызметiнiң барлауымен тепловизордың көмегi арқылы ғимарат қоймасында өрттiң ошағы табылды.Қабылданған шаралар бойынша өрт 24 минуттың iшiнде сөндipiлiп, 07 сағат 21 минутта толықтай жойылды. Қызыл жалынның сауда орталығындағы жақын орналасқан сауда нүктелерiне сондай-ақ, ғимаратта өрт сөндіру мен түтін жою жүйелері автоматты түрде қосылғандықтан оттың таралуына жол берiлмедi. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Жүктелуде...