Республикалық пәндік олимпиада басталды

16 Сәуір, 2019 715 0

NewsROOM+. 15 сәуір күні  С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы аясында «Ұлы дала ұлағаты» атты журналистика мамандығы бойынша ХІ Республикалық пән олимпиадасы басталды. 

Олимпиадаға еліміздің әр өңірінен келген 17 команда қатысып отыр. Атап айтар болсақ, Л.Н. Гумиев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, Сүлейман Демирел атындағы университет секілді еліміздегі ірі оқу орындарының студенттері жарыс көрігін қыздыруда. Жалпы, республикалық пән олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар бейнесюжет арқылы топты таныстырып, ізінше эссе жазады. Екінші кезеңде студенттер тест тапсырады.

Олимпиада қорытындысы командалық есепте анықталады. Жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ректорының алғыс хатымен марапатталады.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Айман Әлмен

Тегтер: олимпиада, пәндік, республика

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.