Үй иесі үш баласы мен келіншегінің мәйітін тапқан - жұмбақ қылмыс
Үй иесі үш баласы мен келіншегінің мәйітін тапқан - жұмбақ қылмыс

"Біз тіпті олармен дұрыс танысып та үлгермедік. Біз оны үйден бірнеше рет көрдік, ол әрқашан жылы шырайлы, балалары таза, ұқыпты болды. Ол үнемі олармен бірге ойын алаңында жүрді. Біз оның күйеуін де көрдік, қарапайым отбасы, балалары өте жақсы. Болған оқиғаға әлі сенбеймін", - дейді отбасының көршілері.Жергілікті тұрғындардың айтуынша, әйел үйде балаларын қараған, ал күйеуі жұмыс істеген.
"Біз осы жылдың қыркүйек айында таныстық. Осы бірнеше айда өте жақын достарға айналдық. Ол өте мейірімді және сүйікті ана болды. Онымен ойын алаңында жиі кездесетінбіз, біздің құрдас балаларымыз бар. Олар ойнады, ал біз үй шаруалары туралы әңгімелесетінбіз. Ол өте көпшіл және ашық болды. Соңғы рет бір-бірімізді демалыс күндері көрдік, ол ешнәрсеге шағымданған жоқ, керісінше, ол әрқашан адал және жақсы кеңесші болды және қолдау көрсете алды. Қазір мен шок күйдемін, мұны сөзбен сипаттай алмаймын", - деді марқұмның құрбысы."Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама жасалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - дейді Павлодар облыстық ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.