Оңтүстік Кореяда қайтыс болған жерлесіміздің денесі елге әлі жетпеді

Оңтүстік Кореяда қайтыс болған жерлесіміздің денесі елге әлі жетпеді

ашық дереккөзі

 width= Оңтүстік Кореяда қайтыс болған жерлесіміздің денесін туыстары елге алдыра алмай жатыр. Бейбарыс Арын бір апта бұрын жол апатынан ажал құшқан болатын. Енді мәйіт кешіккен сайын туыстарының да уайымы да ұлғайып барады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. - Қазіргі бізге айтып отырған уақыты 17-ші қараша күнгі жүк тасымалдаушы ұшақ боп отыр. Қай қазақ қайтқан адамды 15 күн ұстайды айтыңызшы! Жан дегендегі жалғыз ағам. Анам болса 2-ші дәрежелі мүгедек. 22 жастағы Бейбарыс Арын былтыр қазан айынан бері Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген екен. Бір апта бұрын ол мінген көлік апатқа ұшырап, отандасымыз сол жерде көз жұмған. Содан бері туыстары мәйітті алдыру үшін ел-жұрттан жылу жинауға мәжбүр болды. Қажетті 2 миллион 600 мың теңге табылғанда, ұшақта орын болмай шыққан. Тек, елшіліктің араласуымен мәйіт ертең елге жеткізілуі мүмкін. Кейін өзі туып-өскен Арыс қаласына жерленбек. Оның артында мүгедек анасы, екі қарындасы мен інісі қалды.

Жүктелуде...