«Дертке шипа» екен: Есектің сүті 5 мың теңгеден сатылып жатыр

«Дертке шипа» екен: Есектің сүті 5 мың теңгеден сатылып жатыр

ашық дереккөзі

 width= Есектің сүтін ішіп көріп пе едіңіз? Алматыда литрі 5 мың теңгеден саудаланып жатыр дейді. Астыртын. Неге қымбат дейсіз ғой. Оттан емес, боқтан қорек табатын жарықтық жануардың сүті емге шипа екен-мыс. Анау мынау емес, құрт ауруы, өкпенің қабынуы, керек десеңіз Коронавирусқа да қарсы дәрілік қуаты бар дейді. Парыз.кз басылымында жуырда есекті кәдімгі заманауи технологиямен сауып жатқан видео шыққан болатын. Ізінше аталған ақпарат құралы Интеграция және сауда министрі Бақыт Сұлтановтың түсініктемесін жариялады. Ведомство басшысы Цитата «Еуразиялық Экономикалық одақ» шеңберіндегі техникалық регламенттерге сай болса проблема жоқ, сұранысқа ұсыныс болады депті. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Жүре берсең көре бересің. Осыған дейін ақжелкенді алдық! Сосын жаппай жарқанаттың ұясын іздедік. Коронавирустан құтыламыз деп, араққа да құмарттық! Енді қалғаны есекті ему! Алматы облысының тұрғындары коронавирустан есектің сүтімен емделіп жатыр. Бәленің бәрі бір мақаладан басталды. Автордың айтуынша Алматы облысы Кеген және Нарынқол аудандарының тұрғындары өкпе дертінен есекті сауып сауығып жүр. Журналиске сұқбат берген М. деген азаматтың сөзіне сенсек, ол 41 күн бойы таудың басында жатып, есектің сүтін ішіп, ауруынан құлан таза айығып кеткен.

«Басында жиіркеніп ішкенім рас. Бірақ кейін үйреніп кеттім. Көшеде есек көрсең сауып ішкің кеп тұрады екен».
Жә, есек емгіштер туралы ақпардың таралуы сол-ақ екен, әлеуметтік желіде сауғыштардың да видеосы пайда болды. Алайда, видеоның нақты қай өңірде түсірілгені белгісіз. Белгілісі мынау. Бұл талай пысықайдың жаңа бизнес бастауына түрткі болды. - Алло? - Есектің сүті бар ма? - Иә, бар. - Литрі қаншадан? - 5 000! - Ол жерде вирустық инфекцияға қарсы пайдалы өнім деп жазылыпты... - Иә, иә, иә бәрі жазылған! Сонымен не жазыпты? Көрейік деп хабарламасына кірдік! Сатушының сөзіне сенсек есектің сүті тұмауыңнан бастап, тыныс алу жолдарының барлық ауру түрлеріне ем екен. Ол үшін тіпті үйден шығудың да қажеті жоқ! Қалаған жеріңізге жеткізіп береді! Алайда қазір ғылым мен білімнің заманы емес пе? Ендеше анық-қанығын дәрігерлердің өзінің аузынан естиік. Роза СҮЛЕЙМЕНОВА, эпидемиолог:
«Қазіргі таңда халықтың арасында алып-қашпа әңгімелер жүріп жатыр. Есектің сүті иммунитетті көтереді, есектің сүті коронавирусқа ем деген. Бізде медицинада бұл жағдай дәлелденбеген. Есектің сүтін ішіп имунитеті көтеріліпті, я зиян деген эксперименттер болған жоқ!»
https://www.youtube.com/watch?v=h9HNLcZoaa4

Жүктелуде...