Роза Әлқожа 16 жыл бойы тұрып келе жатқан үйін көрсетті
Роза Әлқожа 16 жыл бойы тұрып келе жатқан үйін көрсетті
Отандық эстраданың жарық жұлдызы Роза Әлқожа қалың көпшілікке алғаш рет Алматыдағы үйін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ .
Роза Әлқожа Instagram парақшасында үйінің қасында түскен суретті жариялап, ел күтпеген мәлімдеме жасады. Шоу-бизнес жұлдызы тұрып жатқан үйін бұған дейін көпшілікке көрсетуге ұялғанын жасырмай айтты. Ол тіпті журналистерді басқа үйлерге шақырып әуре болғанын да мойындады.
"Бұрын үйімді көрсетуге ұялып, журналистерді басқа үйлерге шақырып әуре болушы едім. Сөйтсем, Алланың берген несібесіне шүкір ету керек екен. Өзің биік болсаң, үйдің аласа болғаны ештеңе етпейді. Биік үйден аласа оймен шыққан ұят. "Аласа үйден шықты биік шағы ұлып" Гүлнәр Салықбай. Отаудың көркі - бала, береке. Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін! Алматы. Он алты жыл бойы тұрып жатқан құтханамыз осы" , - деп жазды әнші.
Роза Әлқожа мен оның жолдасы үйінің төңірегінде фотоға түсіп, оны желі қолданушыларына паш еткен. Белгілі болғандай, көпбалалы отбасы оңтүстік астанада жер үйде тұрады екен.