Елордадағы түнгі клуб карантин режимін бірнеше рет бұзған
Елордадағы түнгі клуб карантин режимін бірнеше рет бұзған

Нұр-Сұлтандағы түнгі клуб карантинді 10 реттен көп бұзған, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«6 қарашада бірқатар мекемеге карантинді бұзғаны үшін айыппұл салынған. «Алания» түнгі клубы карантин талабын 10 реттен көп бұзған. Бұл жолы онда 100-ге жуық адам жүрген. Сағат 22:50-де қызметін санитарлық нормаларды сақтамай жүзеге асырған «Анкара» түнгі клубы анықталды. Мекемеде 50-ден астам адам демалып отырған», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, сол түні сағат 23:30-да «Сова» караоке-клубында 40 клиент әлеуметтік қашықтық пен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды ұмытып, көңіл көтеріп, ән айтып жүрген. Мобильді топ тәулік ішінде 274 кәсіпкерлік нысанды тексеріп, карантин режимін бұзудың 25 дерегін анықтады.