Суретші әсерлі фототүсірілім жасау үшін әкесінің сүйегін қазып алды

15 Сәуір, 2019 712 0

NewsROOM+. Бейжіңде тұратын 33 жастағы суретші Сиюань Чжудзи әсерлі фототүсірілім жасау үшін әкесінің сүйегін қазып алды. Шығармашылығының нәтижесімен ол Weibo әлеуметтік желісінде бөлісті, деп жазады Stan.kz.

Сиюань (шын есімі Си Лулу) үш жасында әкесінен айырылып қалған. Әкесі бауыр обырынан көз жұмған. Суретші оның қалдығымен суретке түсуді армандаған. 

"Бұл бір керемет сезім болды. Суретке жалаңаш түсуім керек болды. Өйткені бұл өмірге біз солай келеміз де кетеміз. Нағыз өнерді көрсетуден қорықпау керек", - дейді суретші.

Фотоларды суретшінің әйелі түсірген. Желі қолданушылары суретшіні "екіжүзді" деп айыптады. 

"Арманың болса, суреттерді үйіңе іліп қоймадың ба? Көпшілікке жариялаудың қажеті не?" - деп жазды олар.


Тегтер: бейжің, қытай, суретші

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.