80 жастағы қайратты қария қасқыр аулап жүр
80 жастағы қайратты қария қасқыр аулап жүр

«Ол кезде ауыл тұрғындарының азығы - даланың аңы. «Мергеннен-сыралғы, батырдан-сауға« демекші, кезінде аңшы алған аңның етін бүкіл ауыл болып бөліп жеген. Әкемнің жанында жүріп үйренген мен бүгінде елді мекеннің тау-тасы, құмына басылған ізді танимын. Алғаш рет аңға 20 жасымда шықтым», - деді Аллаберді Ақшабаев.Маңғыстау немесе өзге өңір болсын, малға қасқыр шапса, Аллаберді арнайы ақсақалды іздеп келеді екен. Қолында 20-дан астам қақпаны бар Аллаберді ақсақалдың қақпан құруға келгенде қолы епті. Қажырлы қария «аңға шықсам, тұла бойым кеңіп сала береді, қақпан құрмасам да кең даланы бір шарлап келсем болғаны», дейді.