80 жастағы қайратты қария қасқыр аулап жүр

80 жастағы қайратты қария қасқыр аулап жүр

ашық дереккөзі

 width= Маңғыстаулық 80 жастағы қария әлі күнге аңға шығады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. Жарма елдімекенінде сексеннің сеңгіріне келген ақсақал Аллаберді Ақшабаев тұрады. Ширақ қимылдап, аңшылықты кәсіп еткен қария әлі күнге дейін аң аулап, қақпан құрады. Ол жастайынан аңшылықпен айналысқан әкесінің жанынан бір елі қалмай, көкжал алу әдісін меңгерген.

«Ол кезде ауыл тұрғындарының азығы - даланың аңы. «Мергеннен-сыралғы, батырдан-сауға« демекші, кезінде аңшы алған аңның етін бүкіл ауыл болып бөліп жеген. Әкемнің жанында жүріп үйренген мен бүгінде елді мекеннің тау-тасы, құмына басылған ізді танимын. Алғаш рет аңға 20 жасымда шықтым», - деді Аллаберді Ақшабаев.
Маңғыстау немесе өзге өңір болсын, малға қасқыр шапса, Аллаберді арнайы ақсақалды іздеп келеді екен. Қолында 20-дан астам қақпаны бар Аллаберді ақсақалдың қақпан құруға келгенде қолы епті. Қажырлы қария «аңға шықсам, тұла бойым кеңіп сала береді, қақпан құрмасам да кең даланы бір шарлап келсем болғаны», дейді.  

Жүктелуде...