weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
7 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бір бөлмеде 700 адам «тұрған» жатақхана табылды

Бір бөлмеде 700 адам «тұрған» жатақхана табылды

Бір бөлмеде 700 адам «тұрған» жатақхана табылды
ашық дереккөзі
 width= Елордадағы жатақхананың бірінде 700 адам бір-ақ бөлмеге тіркелгендігі анықталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Үй иесі жатақханада тұрмаған адамдарды үнемі тіркеп отырған. Тіркелген адамдардың жатақханада тұратынын анықтау үшін полицейлер аталған бөлмені талай рет тексерген. Алайда тұрғындарды анықтау мүмкін болмаған. Көршілердің айтуынша, бөлмеде ешкім тұрмайды. Қазіргі кезде тәртіп сақшылары бөлме иесін іздестіріп жатыр, оған қатысты әкімшілік жаза қолданылады», - деп жазылған хабарламада.