Ауылда интернеттің жоқтығынан балалар далада оқиды, қыста не істейміз - тұрғын

Ауылда интернеттің жоқтығынан балалар далада оқиды, қыста не істейміз - тұрғын

ашық дереккөзі

 width= Алматыдан небәрі 20 шақырым қашықтықта орналасқан Жаңадәуір ауылының тұрғындары шенеуніктердің әрекетсіздігіне шағымдануда. Олар балаларының интернет іздеп, далада оқуға мәжбүр болып отырғанын айтып, дабыл қақты деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. Ауыл тұрғындарының айтуынша, олар ұзақ жылдар бойы қарапайым жолсыз, жарықсыз және сусыз өмір сүріп келеді. Ал енді мектеп оқушыларының біліміне қатысты мәселе туындап отыр. Жергілікті тұрғындардың сөзіне сенсек, олардың ауылы сыртқы әлеммен байланысы үзілген мекен сияқты - өңірде интернет, тіпті ұялы байланыс жоқ. Мектеп оқушылары далада оқуға мәжбүр, себебі сигналды сонда ғана ұстауға болады.

"Балалар оқи алмайды. Wi-fi жұмыс істемейді. Балалар сыртта бірнеше сағат отыруға мәжбүр. Олар салқын тигізуі мүмкін. Қыста не істемекпіз, мен білмеймін", - дейді ауыл тұрғындарының бірі.
Одан бөлек, ауыл тұрғындары әлі күнге дейін ауыз судың жоқтығына және жолдардың болмауына шағымданып отыр.
"Суды жерден қазып шығарып отырмыз. Бірақ оныші мүмкін емес, лас. Ішу үшін бірнеше рет қайнатуға тура келеді. Бірақ бұған қарамастан, оны пайдалану қауіпті. Әкімдікке бірнеше рет жүгіндік, еш нәтиже жоқ", - дейді жергілікті тұрғындардың бірі.
 

Жүктелуде...