Жауыз әке бір жастағы сәбиіне жантүршігерлік әрекет жасаған
NewsRoom
Жауыз әке бір жастағы сәбиіне жантүршігерлік әрекет жасаған
Луга қаласында өз ұлын тұншықтырғысы келген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Life.ru басылымының мәліметінше, әкесі мас күйде болған. Сәбидің алқымынан алып, қинамақ болған.
Соңғы сәтте баланың анасы келіп, жолдасын тоқтатқан. Әйтпесе, не боларын ойлаудың өзі қорқынышты.
Жауыз әкенің үстінен қылмыстық іс қозғалды. 1 жасар баланың жағдайы жақсы, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.