ХХІ ғасырдың дерті – жете ойламаушылық!

15 Сәуір, 2019 267 0

Соңғы кездері маған жиырма бірінші ғасырдың дерті сепаратизм емес болып көрінеді. ЖИТС емес. Рак та емес. Тіпті, әлемдік террористік қауіп те емес. Жиырма бірінші ғасырдың дерті – ЖЕТЕ ОЙЛАМАУШЫЛЫҚ.

Соңғы жылдары адамдардың жете ойламаушылығы феномені кеңінен тарап кетті. Оның мәнісі – адам іс-әрекетінің соңы неге әкеп соқтыратынын ойламайтындығында. Яғни, НӘТИЖЕГЕ ДЕЙІН қарастырмайды. Жете ойламаушылықты көбіне ақылсыздық деп қабылдаймыз. Мысалы, жүргізуші бос емес қиылысқа шықты. Ол қозғалыстың өзге мүшелерінің мүмкіндіктерін шектеп, бағдаршамның жасыл сигналын күтті. Бірақ, ол бұл әркетті қасақана немесе ақымақ болғандығынан істеген жоқ. Ол өз әрекетінің соңын ойлаған жоқ. Енді, барлығы оны жағымсыз эпитеттермен балағаттап, өзінің онсыз да бақытсыз өмірін одан сайын ауырлатады.

«Мен үш күн бойы үйде болмаймын, мысыққа көбірек су қалдыр», - дейді анасы. Анасының бұл тапсырмасына ұлы бір жарым литрлік пластикалық бөтелкелердің қаптамасын әкеледі де: - Іш, мысық!,- дейді. Ал, мысықтың бөтелкені ашып, ішінен су іше алмайтындығы оның ойына кіріп те шықпайды. Анасы көбірек су сұрады – ол көбірек әкелді, қандай проблема болуы мүмкін? Ол бұл әрекетін ақымақтықтан істеген жоқ. Бейшара мысықты жақтырмағандықтан да емес, жете ойламағандықтан!

Немесе жұмыс бабында. Менеджерге жеткізушінің әкелген жүгінің құжатын құрылғыларды қабылдамай тұрып тексеруді тапсырады.
        Тапсырыс берушіге делдалдың қанша қосып алғанын білудің қажеті қанша? Және одан бөлек қалай тапсырыс беруге болады? Менеджер тапсырыс беруші ол құжаттарды қайда қойғанын тауып алды. Оларды менеджер конвертке салды. Бірақ, конвертті жүк салатын жердің ең көрінетін жеріне қойды. Жете ойламаушылық! Ол компаниясын қиын жағдайға қалдырайын деген ниеттен емес. Және табиғи ақымақтықтан да емес. Жоқ. Ол оның соңына дейін ойланбағандығынан. Тағы да ЖЕТЕ ОЙЛАМАУШЫЛЫҚ!

Соңғы кездері маған жиырма бірінші ғасырдың дерті сепаратизм емес болып көрінеді. ЖИТС та емес. Рак та емес. Тіпті, әлемдік террористік қауіп те емес. Жиырма бірінші ғасырдың дерті – ЖЕТЕ ОЙЛАМАУШЫЛЫҚ.

Таксиға тапсырыс бердім. Ағарту даңғылын өтпей, Энгельс даңғылына қарай тұруын өтіндім. Қайсысы оңай? Даңғыл тапсырылды. Бағыт та айтылды. Нүктесі де тапсырылды. Такси диспетчерлерінің жете ойламайтындығын біліп, екі рет түсіндіріп, қайталадым. Не деп ойлайсыздар? Такси жоқ. Қайта хабарлассам, такси бір жарым километр қашықтықтағы «Озерки» сауда кешенінің жанында тұрғандығын айтады.

            Неге?

            Себебі, ол жақын деп шешті.

            Неліктен?

      Мүлдем түсініксіз. Жете ойламау. Мұндайлар үшін кубик рубикті бір түсті етіп жасау керек. Рақаттанып отырсын! Ал, қанша адам жақындарының, достарының, әріптестерінің, жай адамдардың, таныстардың жете ойламауынан зардап шекті?

            Ал, біздің арамызда қанша адам жете ойламаудан зардап шекті? 

            Негізінде жете ойламаушылықпен күресу өте оңай.

            Іс-әрекеттеріңізді нәтижеге жеткізуге тырысып көріңіздер. Виртуалды түрде.

            Әрекетіңіздің логикалық аяқталуын көруге тырысыңыз.

            Фанатизмсіз.

        Ұмытылған төлем картасы болашақ ұрпақтың тағдырына әсер етпейді. Тек қана, сіздің іс-әрекеттеріңіз неге әкелетінін бақылаңыз. Сонда, жете ойламаушылық өміріңізден жоғалатынын көресіздер. Оның орнына САНАЛЫ ТҮРДЕ ОЙЛАУ келеді. Бірақ, бұл - үлкен зерттеуді қажет ететін тақырып. 


Дереккөз: econet.ru

Аяжан Мадибекова

Тегтер: ғасыр, жетеойламаушылық, адам

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.