Нұр-Сұлтанда жатақханадағы бөлмеге 700 адам тіркелген
Нұр-Сұлтанда жатақханадағы бөлмеге 700 адам тіркелген

"Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері бөлме иесінің қайда екенін анықтап жатыр, оған әкімшілік шаралар қолданылады. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы пәтер иелері үйіне көп адамды тіркеуге мүмкіндік алады", - делінген хабарламада.Елордалық полиция департаментінің көші-қон қызметі халықты тұрғылықты жері мен нақты тұрып жатқан үйіне уақтылы тіркелуге шақырады.
"Мекенжай мәліметтерінде алшақтық болған жағдайда, оларды өзектендіру үшін ХҚКО-дағы аумақтық көші-қон қызметі бөлімшелеріне жүгініңіз. Сондай-ақ, тұрғын үй иелерін оларда тұрмайтын адамдарды тіркеуден уақтылы шығаруды сұраймыз", - деді полициядағылар.