Желіде видеожазба жарияланған: Елде ауруханалар қайта толып жатыр ма?

Желіде видеожазба жарияланған: Елде ауруханалар қайта толып жатыр ма?

ашық дереккөзі

 width= Әлеуметтік желіде Өскемендегі ауруханаларда адам толып жатқан видео жарияланды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. Бейнежазбадағы кадрларда коронавирус жұқтырған науқастардың аурухана дәлізінде жатқаны көрсетіледі. Бейнежазбаның Өскеменге және жалпы Қазақстанға еш қатысы жоқ екені анықталды. Ол ресейлік медициналық мекемеде түсірілген. https://youtu.be/27rdQ0XAQsE Видео интернетте 2 қарашада пайда болды және Томск облысының денсаулық сақтау басқармасында бұған дейін түсініктеме берілді. Департамент бұл жағдай жедел респираторлық вирустық инфекциялармен және басқа респираторлық аурулармен, соның ішінде COVID-19-мен ауыратын науқастардың көптеп келуіне байланысты орын алды деп хабарлады.

Жүктелуде...