
«Білесіздер ме, бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірудің өзі артық. Нағыз сандырақ. Президенттің жағдайы жақсы, денсаулығы керемет», - деді Песков журналистерге.Бұған дейін Daily Mail, The Sun, New York Post сынды ақпарат көздері Путиннің Паркинсон ауруымен ауыратынын айтып, тақтан кететінін болжаған еді. «Ол сырқатына байланысты қызметін тоқтатады немесе отбасының өтінішімен тақтан кетеді» деп жазды Daily Mail.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ