Арман Қырықбаев: пікірталасқа қатысатын үміткерлер саны – 1397

Арман Қырықбаев: пікірталасқа қатысатын үміткерлер саны – 1397

ашық дереккөзі

 width= Таяу күндері пікірсайыстар басталмақ! Осыған орай Nur Otan қалалық және аудандық конференцияларда пікірталасқа қатысатын үміткерлер тізімін бекітті. Олардың жалпы саны – 1397, деп жазды Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.⠀ Пікірсайыстар мен дауыс беру нәтижелері бойынша ең жоғары көрсеткішке ие болған қатысушылар облыстық партиялық тізімге енгізуге ұсынылатын болады. Өңірдің Мәжілістегі өкілдік квотасына сәйкес ең көп дауыс жинағандар Мәжілістің партиялық тізіміне арналған пікірсайысқа қатысушы ретінде облыстық конференцияға ұсынылады. Мәжіліске арналған қорытынды тізім Nur Otan съезінде бекітіледі. Пікірсайысқа қатысушылардың тізімдері мен аймақтық конференциялардың кестесі primaries.kz сайтында жарияланған. Еске сала кетейік, партияішілік іріктеу – праймериздің бірінші кезеңіне 10 мың үміткер қатысты.​ Оның 37% – әйелдер, 29% – 35 жасқа дейінгі жастар.​ Кандидаттардың 30% бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылса, ал 70% – өзін-өзі ұсынушылар. Дауыс беруге 662 мыңнан астам партия мүшесі қатысты.

Жүктелуде...