АҚШ-тағы сайлау 10 қарашаға дейін жалғаспақ
АҚШ-тағы сайлау 10 қарашаға дейін жалғаспақ

"Невада заңы бойынша, пошта мөрі сайлау күні немесе одан ертерек және 10 қарашада 17.00-ден кешіктірмей қойылған бюллетеньдер есепке алынады", - делінген хабарламада.Невада Пенсильвания мен Солтүстік Каролинамен бірге бюллетеньдерді сайлау күнінен кейін санауға рұқсат бергенін атап өткен жөн. Дәл осы штатта Джо Байден жеңіс үшін жетпей тұрған алты дауысын жинай алады. Бұған дейін АҚШ президенті сайлауының нәтижелері неге жарияланбай жатқаны хабарланған болатын. Оның себебі - Невадада есептелмеген дауыстар еді.