«Шоқ қыздар» әні үндістандық TikTok-та танымал болды

«Шоқ қыздар» әні үндістандық TikTok-та танымал болды

ашық дереккөзі

 width= Үндістандағы TikTok қолданушыларының арасында әнші Бейбіт Қорғанның "Шоқ қыздар" әні танымалдылыққа ие болды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Үндістан халқы қазақ тіліндегі әнге 25 мыңнан аса видео түсірген. Олардың ең қызығын Instagram желісінде qumash_kz парақшасы жариялады.

"Енді Бейбіт Қорғанның "Шоқ қыздар" әні үндістандық "Тиктокта" хитке айналды. Тек ол жақта оны Nah na ney деп атайды", - делінген жазба астында.
Кейбір дерекке сүйенсек, бұл әнге роликті әлеуметтік желіде алғаш болып мотоцикл жүргізушісі Muhammed Roshan есімді пайдаланушы жариялаған. Қазір оның 600 мыңға жуық оқырманы бар. Блогер видеода түрлі трюк жасайды. Қазақстандықтың әніне осы уақытқа дейін 25 мың TikTok-видео түсірілген.
"Үнділердің көбі қазақ тілінде әнді айтуға тырысады. Кейбірі жақсы айтады", - деп жазды пост авторлары.

Жүктелуде...