Біз жылу сыйлаймыз: Азаматтарға арналған үкімет қызмет көрсету тәсілін өзгертуде

Біз жылу сыйлаймыз: Азаматтарға арналған үкімет қызмет көрсету тәсілін өзгертуде

ашық дереккөзі

 width= Бүгін Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы №1 ХҚКО келушілеріне "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиал директоры Ербол Байжігіт қызмет көрсетті. Дәстүрлі қызметтен бөлек, ол дүниеге енді келген егіздерінің құжатын алған ата-ананы, 16-ға толып, алғашқы жеке куәліктерін алған жасөспірмдерді салтанатты түрде құттықтады. Құжаттардан бөлек, филиал директоры естелік сыйлықтар да табыстады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Естеріңізге салайық, бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлердің корпоративті құндылықтарын қалыптастыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Мәселен, ХҚО қызметкерлері баласының туу туралы куәлігін, жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргізуші куәлігін алғаш алған, зейнетке шығып жатқан келушілерді өміріндегі ұмытылмас сәттерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіреді.  width= Ербол Байжігіт- қандай да бір өзгерісті қаласаң ең алдымен өзіңнен баста. Бұл үрдісті жақын арада корпорация төрайымы Әсемгүл Балташева өзі үлгі етті. Жақсылық жасап, көңілге жылу сыйлау үшін байқуатты болу шарт емес, көңіл бөлу маңызды.-, дейді Байжігіт Филиал директорының қолынан құжат алғандар да өз пікірін айтуды жөн көрді. "филиал директорының бізге алғашқы құжаттарын табыстағанына өте қуаныштымын. Оның үстіне кішкентай болса да сыйлық алып жатқаным көңілге риясыз жылу сыйлады",-егіз қыздардың анасы Қарлығаш Жетписбаева Аталған шара бүгін өңірдегі барлық ХҚКО бір уақытта орын алды.  width=

Жүктелуде...