Құжатыңызды ауыстыру туралы телефоныңызға SMS келсе не істеу керек?

Құжатыңызды ауыстыру туралы телефоныңызға SMS келсе не істеу керек?

ашық дереккөзі

 width= Қазақстандықтардың ұялы телефонына жеке құжаттардың мерзімі аяқталғаны туралы SMS-хабарлама жіберіледі, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жеке куәліктің, паспорттың және жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталғаны туралы SMS телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелген қазақстандықтарға құжат мерзімінің аяқталуына бір ай қалғанда келеді. Хабарламада "Жақын арада сіздің жеке куәлігіңіздің (паспорттың, жүргізуші куәлігінің) қолданылу мерзімі аяқталатынын еске саламыз. Жаңа құжатты алу үшін үйден шықпай-ақ eGov.kz арқылы өтініш бере аласыз" деп жазылады. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың айтуынша, проактивті қызметтің арқасында адамдар құжат мерзімін өткізіп алмай, тапсырыс бере алады.

"Осылайша, біз қазақстандықтардың мерзімі өткен құжаттар үшін айыппұл төлемеуіне жағдай жасағымыз келеді", - дейді Тұрысов.
 

Жүктелуде...