Түркістан тұрғындары Әл-Фарабидің туған жеріне саяхат жасады

Түркістан тұрғындары Әл-Фарабидің туған жеріне саяхат жасады

ашық дереккөзі

 width= Биыл ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толып отыр. Осыған орай, елімізде мәдени-рухани іс-шаралар қолға алынды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Ал жуырда Түркістан облысы, Отырар ауданында да танымдық мәні зор іс-шара ұйымдастырылды. Руханиятқа, тарихқа қызығатын жастар екінші ұстаздың туған жері – Оқсыз қалашығына саяхат жасады. Отырарлық өрендер «Asyl mura» бағыты аясында ұлы ғалым Әбу Нәсыр әл-Фарабидің туған қаласы – Оқсызды аралап, тарихымен танысты. Ұлы кемеңгердің кіндік қаны тамған Оқсыз қалашығы Отырар ауданында орналасқан.  width= Маяқұм ауылы, Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің өлкетану мұражайының жетекшісі Мүсілім Мұхамеджан жастарға көне қала туралы мағлұмат беріп, кеңінен таныстырды.  

Жүктелуде...