Жаңалықтар

Асабаларға айыппұл салынуда: жасырын той жасау қашан бітеді?

Асабаларға айыппұл салынуда: жасырын той жасау қашан бітеді?

 width= Атыраулық асабаларға айыппұл салына бастады. Қазір жұртты жасырын жинап, той жасайтындар азаймай тұр. Сол мерекелік шараның өтуіне атсалысатын асабаларға енді шара қолданылады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап. Би топтары мен фотограф, бейнеоператорлар да жауапкершіліктен жалтарып кете алмайды. Жеке тұлғалар 83 мың теңге, ал кәсіпкер ретінде тіркеліп, қызмет көрсететіндер 600 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Қазір осындай деректер бойынша Атырауда 3 асабаға хаттама толтырылған.
"Мейрамханада және үй жағдайында өткізіп жатырған 3 жағдай тіркелді күні бүгін. Сол асабаларға қатысты ҚР ҚК-нің 425-бабы 1-тармағына сәйкес іс қозғалды. Тағы да 2 әкімшілік іс қаралуда. Ол тұлғалар басқармаға келмегендіктен қазір іздестірілуде. Яғни басқармаға келу жолдары қарастырылуда", - деді Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін ББ бас маманы Бақытбек Хамза.