Автоматты түрде хаттарыңыз жойылмақ - WhatsApp жаңа функцияны іске қосты

Автоматты түрде хаттарыңыз жойылмақ - WhatsApp жаңа функцияны іске қосты

ашық дереккөзі

 width= WhatsApp мессенджерінде жеті күннен кейін жоғалатын хаттар режимі іске қосылады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Біз WhatsApp-тағы чаттар барынша жанды қарым-қатынасқа ұқсағанын қалаймыз. Яғни, кейбір хаттарды мәңгіге сақтаудың еш қажеті жоқ. Осыған байланысты біз мессенджерде "жоғалатын хаттар" режимін іске қосамыз", - делінген компанияның блогында.
Режим қосылып тұрған кезде, чатқа жолданатын жаңа хабарламалар жеті күннен кейін автоматты түрде жойылады. Мессенджерде хат алмасып отырған екі адамның бірі бұл режимді қосып немесе өшіре алады. Ал топтық чаттарда жойылатын хаттар опциясын админ іске қосады. Компанияның мәліметінше, хаттарды бір аптадан кейін автоматты түрде өшіретін жаңа функция қолданушыларға бір айдың ішінде қолжетімді болады.    

Жүктелуде...