Қырғызстан электр энергиясын Қазақстаннан сатып алмақ

Қырғызстан электр энергиясын Қазақстаннан сатып алмақ

ашық дереккөзі

 width= Қырғызстанның вице-премьер-министрі Равшанбек Сабиров 2020 жылы Қазақстаннан 500 млн киловатт-сағат электр энергиясын сатып алатынын жеткізді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. Ол мұны 5 қарашада өткен Жогорку Кеңештің отырысында айтты.

"Қазір өзіміздің Тоқтағұл су қоймасында 14,7 млрд текшеметр су бар. Бұл былтырғы жылға қарағанда 2 млрд текшеметрге аз. Үкімет тапсырмасына сәйкес, Қазақстанмен 300 млн кВт/сағат электр энергиясын алмасамыз. Бұдан бөлек Қазақстаннан жылдың соңына дейін киловатт-сағаты 2,4 центке 500 млн кВт/сағат электр энергиясын сатып аламыз", - деді Равшанбек Сабиров.
Осыған дейін "Электр станциялары" кәсіпорны Тоқтағұл су қоймасында биыл су аз деп мәлімдеп келген. Жалпы бұл су қоймасы 19 млрд 500 млн текшеметр суды сақтауға арналған.

Жүктелуде...