Тараз қаласында өрттен үш адам көз жұмды

Тараз қаласында өрттен үш адам көз жұмды

ашық дереккөзі

 width= Жамбыл облысының Тараз қаласында өрттен үш адам көз жұмды. Бұл туралы Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Тілсіз жау 1936, 1960 және 1982 жылы туған азаматтардың өмірін қиды.

"Алдын ала мәлімет бойынша өрт кезінде егде жастағы әйел мен оның баласы түтінге уланған. Жанында орналасқан ас үйде тұратын немересі өрт сөндіру қызметі келгенше туыстарын құтқарамын деп өзі де улы газдан уланып қайтыс болған", - деп  хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші  бөліміне хабарлама түнде сағат 3:26-да келіп түскен. Өртті сөндіру үшін жеке құрамның 21 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды. Сағат 4:24-те минутта өрт толығымен сөндірілді.

Жүктелуде...