Порномодель полицейлерді сотқа бермек: кімдікі дұрыс?
Порномодель полицейлерді сотқа бермек: кімдікі дұрыс?

"Менің қатысуыммен жасалған видеоролик желіге тараған. Бірақ мен ол видеоны өзімнің танысыма ғана жібергем. Ал оны саудалаған телеграм-арнаның Украинада тіркелгенін полицейлер анықтадық деп отыр. Алдымен сол телеграм-арнаның кімге тиесілі екенін анықтап алмай неге маған шүйліккендерін түсінбеймін. Олар мені жезөкше етіп көрсетті. Менің осы шағын қалада туғандарым мен таныстарым көп. Мен тәнімді саудалайтын өз-өзіме жау емеспін. Парақшамды жүргіземін, модель бизнесімен айналысамын", - деді Қарағанды қаласының тұрғыны Яна Шарабокова.Жалаңаш денесін көрсетуге құмар ару полицейлердің кәсіби деңгейі төмен дейді. Дәлелсіз, дәйекіз, ұстау операциясын жасап оның бейнетүсірілімін ертесі күні-ақ елге жария еткені мұның ар-ожданына нұқсан келтірген. Ал полицейлер бұл бикеш сүттен ақ судан таза емес дейді. Тергеу құпиясына байланысты айтылмайтын, бірақ нақты дәлелдеріміз бар деп отыр.
"Біз қазір бұқаралық ақпарат құралдарына істің толық мән-жайын ашып айта алмаймыз. Полиция қызметкерлері мұндай жедел іздестіру жұмыстарын тектен тек жасаған жоқ. Сондықтан да қылмыстық істің барлық жинақталған дәлелдемелері сотқа жолданатын болады", - деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.Яна Шаробокова қазір адвокатының артынан еріп, айтқанын істеп жүр. Өзіне тағылған айыптар бойынша сотта жеңіп шығатынына сенімді. Содан кейін полицейлердің өзін сотқа бермек. Дегенмен, тәртіп сақшылары тергеу құпиясына байланысты айтылмағандарды сот барысында жайып саламыз деп әліптің артын бағып отыр.