Қазақстан Үкіметі Түркістан қаласының даму жоспарын бекітті. Биліктің жоспарынша 2025 жылға қарай Түркістан қаласының халқы 250 мың адамға, ал 2035 жылы 350 мың адамға жетеді. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан облысы құрылғаннан бері облыс орталығын дамытуға 400 млрд теңге ($919 млн) бөлінгенін атап өтті.
2025 жылға дейін Түркістанда 15 мектеп, 44 балабақша және 10 медицина нысанын салу жоспарланған. Сонымен қатар 13 мың гектар жерді көгалдандыру жұмыстары іске асады.