Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Мыңдаған адам жиналды: Өзбекстанда не болып жатыр? (ВИДЕО)

Мыңдаған адам жиналды: Өзбекстанда не болып жатыр? (ВИДЕО)

Мыңдаған адам жиналды: Өзбекстанда не болып жатыр? (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
 width= Өзбекстанның әлеуметтік желі қолданушылары Алмалық ауданы тау-кен өндірісі комбинатының алдына мыңдаған адамның карантиндік шектеулерге қарамастан жиналған сәті түсірілген видеоны таратуда. Видео халық арасында үлкен шу туындатқан. Олар «пандемияның кесірінен еңбек мигранттары қиналу үстінде» деп жазуда. Оқиғаға қатысты өндіріс орнының баспасөз қызметі ресми жауап берді. «Бүгін Алмалық бойынша еңбек жәрмеңкесі өтуде. Оған түрлі кәсіпорындар қатысып жатыр. Жәрмеңкені өткізуге «Металлург» мәдениет үйі таңдалған болатын. Алайда халық өте көп жиналып, бірқатар қиындықтар туындады. Сондықтан жәрмеңкені мәдениет үйінен жастар саябағына ауыстыруға тура келді» деді баспасөз қызметі. https://www.youtube.com/watch?v=raw1OZZEk-I Өзбекстанда соңғы төрт айда жұмыссыздық деңгейі артқан. Оған еңбек мигранттарының пандемияға байланысты өзге елдерге шыға алмауы себеп болып отыр.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату