Терме орындаған Бүркіт елді таңғалдырды

12 Сәуір, 2019 602 0

NewsROOM+. Қазақ эстрадасының жұлдызы Бүркіт терме орындап көпшілікті таңқалдырды деп хабарлайды oinet.kz . 

Әнші Instagram әлеуметтік желісінде терме орындап отырған видеосын жүктеген. 

Үкілі домбырамен "Үш ағайынды" термесін тебіреніп орындаған Бүркіттің өнеріне желі қолданушылары жоғары баға берді. 

"Бүркіт, сен эстрадада адасып жүрсің бе деп қалдым. Не деген дауыс мынау. Эстрада сенің дауысыңды бұғады", "Терме айтқан жарасады" деген пікір қалдырған оқырмандар шоу-бизнес өкіліне қазақы нақыштағы әндерді жиі айтып тұруға кеңес берді. 

Тегтер: бүркіт, әнші, терме

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.